Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

Фото: Olympic.kz

Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчдоудағы (ҚХР) 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:

- Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521