Футзалдан биылғы жылғы Қазақстан чемпионатын 25 мамырда жалғастыру жоспарланып отыр.
Осы мәселені оңтайлы шешу мақсатында қазіргі кезде Қазақстан футбол федерациясы мен клубтар арасында келіссөздер жүргізілуде. Себебі, түрлі командаларда өнер көрсетіп жүрген көптеген ойыншылармен биылғы жылдың жазында келісімшарттар аяқталады. Сол мерзімге дейін жоғарыда айтылған мәселені шешімін табуға тиіс. Сондықтан да ел біріншілігін 25 мамырдан бастап, қайта жалғастыру көзделуде. Қалған ойындардың барлығы да Щучинскегі «Жақсы» спорт кешенінде өтеді.
Коронавируске байланысты карантин басталғанға дейін «Қайрат» алдына жан салған жоқ. Алматылық ұжым 16 кездесуден кейін 44 ұпай олжалады. Екінші орында келе жатқан «Ақтөбе» 36 ұпайды еншілеп отыр. Алайда олардың «Қайраттан» төрт кездесуі артық.