Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова 76 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
Құрлықтық бәсекеде алғашқы белдесуінде ол өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын жеңіп кетті. Одан кейін қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен қапы қалдырды.
Финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен шеберлік байқасып, тартысты кездесу Эльмираның пайдасына 5:0 есебімен аяқталып, отандасымыз сары құрлық біріншілігінде екінші мәрте топ жарды.
Сонымен бірге 68 келіде сынға түскен Елена Шалыгина Азия Чемпионатының қола жүлдегер атанды. Еленаның қарсыласы Мейірім Жұманазарова жарақат алып қалып, дәрігерлер белдесуді жалғастыруына рұқсат бермеді.