Дзюдошылар бір күміс пен қоланы қанжығасына байлады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің "Жайық" спорт кешенінде «ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушы» Əбдуəлі Марат Сəуенұлының 60 жылдық мерейтойына арналған дзюдо күресінен 2000-2002, 2003-2005 жылғы жастар мен жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.

Турнирге шет елдерден Әзірбайжан, РФ-ның Ингушетия, Дагестан Республикаларынан, еліміздің батыс өңірінен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының барлық аудандары мен қала спорт мектептерінен барлығы 250-ге жуық дзюдошы қатысты.

Ауданымыздың дзюдошылары 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Атап айтсақ, 55 кг салмақ дəрежесіндегі О.Шонаев о/м түлегі Бисен Жігер финалға дейінгі қарсыластарының бəрін жеңіп, ақтық сында 2019 жылғы ҚР Чемпионатының чемпионы атыраулық Құмар Олжасқа жол беріп, жүлделі 2 орынға ие болды. Сонымен қатар 50 кг салмақтағы Е.Ағелеуов о/м түлегі Пастухов Алмаз 4 кездесу өткізіп, жартылай финалда Әзірбайжан дзюдошысынан жеңіліп, қола медаль үшін белдесуде ақтөбелік палуанды жеңіп, 3-орынды иеленді.

 Екі дзюдошымыз да Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжінің дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің 1 курс студенттері. Басқа да дзюдошыларымызға тоқталсақ, 46 кг салмақтағы Искалиев Мадияр, 66 кг-дық Балабаев Алишер, 81 кг-дық Бақтыгерей Бекзаттар қола медаль үшін белдесуде ұтылып, 5-ші орынды қанағат тұтты.

Бұл аталған барлық спортшыларымыз да осы айдың аяғында 2020 жылдың ақпанында Қостанай облысында өтетін ҚР чемпионаты алдындағы Атырау облысының іріктеу біріншілігіне қатысады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT