Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз түйістірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) қарсыласы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) көз арбасты, деп хабарлады Vesti.kz. 28 жастағы Олимпиада чемпионы мен 34 жастағы жеңілмеген америкалықтың кездесуі Нью-Йорктегі баспасөз мәслихаты аясында өтті.

Боксшылар 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңда Madison Square Garden аренасының Hulu Theather шағын залында жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев кездесіп, жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салады. АҚШ-та шоуды DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

BAQ.KZ

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT