Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия оқушылары – мұз айдынында

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Өткен аптада Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияда бірқатар қысқы  спорттық шаралар өтті.

Аталмыш мектеп директоры Т.Ідіркенова және жас, жігерлі ұстаздарының бастамасымен мектеп ауласында мұз айдыны жасақталып, оқушылар сабақтан тыс уақытта қысқы ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Әр топқа бөлініп қардан аққала тұрғызу, шанамен сырғанау, мұз үстінде хоккейден сайысқа түскен оқушылардың қысқы спорттық ойындарға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері жоғары болды.

35f3b50c-99fa-49e6-8b23-eebf95ea2d41
Осындай спорттық ойындарды ұйымдастыруда, балалар қауіпсіздігін бақылап, сырғанауды үйретуші дене шынықтыру пәні мұғ
алімдері Наурыз Лұқпанов, Нұрлан Қажиев, Қуандық Қабеновтердің еңбектерін атап өткен жөн.

5e66c35d-ad0d-4e0c-a114-4ac749cab1d6
- Президентіміз Қ.Тоқаев биыл «Балалар жылы» деп жариялағанын білесіздер. Балаларды қолдау, дамыту және ынталандыру бағытындағы жұмысымыз осындай жаңа леппен басталғаны қуантады. Осы ретте, ауылдың кәсіпкер азаматы З.Халықовқа мектептің педагогикалық және оқушылар ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдеріміз.
Мектебімізде хоккей ойындарына арналған 30 дана коньки мен таяқшасы бар. Оқушылар мен қатар мектеп қызметкерлері де жұмыс уақыты аяқталған соң, мұз айдынында сырғанауды үйренуге ниеттеніп отыр. Алдағы уақытта ауа райына қарай, оқушылар арасында «Айдынға шық, жас ұлан!» және «Ең жас сырғанаушы», «Ең әдемі сырғанаушы» сайыстарын ұйымдастырып, «Тосын көрініс сәтінде» жарысында ата-аналар мен орта жастан жоғары мектеп мұғалімдерін мұз үстінде көруді жоспарлап отырмыз, - дейді дене шынықтыру пәні мұғалімі Наурыз Лұқпанов.

 d4a28c1f-374a-4c7a-b995-3eeec1548292

Салауаты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы апталық аясында өткен мектепшілік сайыс жеңімпаздары марапатталды. Ал, мектептің жас хоккейшілері аудандық сайысқа дайындық үстінде.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521