Жастар жылы аясында көршілес Исатай ауданының Аққыстау ауылында бокстан 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011 жылғы туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өткен еді.
Біріншілікке ауданымыздың балғын былғары қолғапшылары да қатысып, бақтарын сынады.
Жүлделі 1 орынды И.Русланов(Е.Ағелеуов о/м) жеңіп алса, 2 орынды С.Жолдас, Е.Жомартұлы(Е.Ағелеуов о/м) иемденді. Жүлделі 3 орынды Н.Жұбанышали, Б.Батырғали, С.Беріков(А.Байтұрсынұлы о/м), М.Есенжан, А.Меңдібаев(Д.Төленов м/г), Қ.Бауыржанұлы(О.Шонаев о/м), М.Сағатжанұлы(Қызылүй о/м) қанжығасына байлады. Сондай-ақ «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына Айбат Талғатов ілікті. Жаттықтырушылары-Қ.Торбаев, М.Қайрош.
А.Текебай