Токио Олимпиадасына дәл қазіргі есеп бойынша Алматы облысы 6 жолдама иеленіп, көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ал, 4 жолдамасы бар Алматы қаласы екінші орында. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары 3 жолдамадан бөліскен.
Облыстар арасында ақтөбеліктердің еншісінде 3 жолдама болса, шығысқазақстандықтарда - екеу.
Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда спортшылары бір-бір жолдамадан иелік еткен.
Қалған өңірлер әзірге Олимпиада ойындарының бірде-бір жолдамасын еншілей алмай отыр.