Балғын футболшылар чемпион атанды

Фото: zh-shugylasy.kz

Атырау қаласында 2023 жылдың 25-26 қараша күндері футзалдан 2011-2012, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында " TASKALA CUP" облыстық турнирі ұйымдастырылды.  Аталған облыстық турнирге  Көктем, Дерби, Елита, Дина, Алем , Жас буын, Рамис, Дина-2, Жарсуат, Сағыз, Исатай, Индер және ауданымыздан Махамбет Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  командасы қатынасты. 

Жарыс қорытындысында  ауданымыздың намысын қорғаған 2013-2014 жылғы балалар  І орынды жеңіп алып чемпион атанды. 2011-2012 жылғы балалар  II-ші орынды иеленді.  Жарыс жүлдегерлеріне дипломдар мен кубоктар табысталды.

Фото: zh-shugylasy.kz

Турнирдің "Үздік сұрмергені" Е. Ағелеуов орта мектебінің 5 сынып оқушысы Бақытбек Бекарыс атанса,  "Үздік ойыншысы" 7 сынып оқушысы Әлібек Нұрасыл мен   5 сынып оқушысы Қанат Ислам атанды.

Фото: zh-shugylasy.kz

Сонымен қатар  Атырау қаласында 2023 жылдың күзгі маусым А Лигасында футзалдан Атырау облысының әуесқойлар арасында  облыстық 3-ші ашық  чемпионатта, Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөлімі түлектері: Сайын Медет, Сәлімжанов Данияр, Куангереев Иса және Нұриденов Мейірман МФК "Тарлан" командасы құрамының намысын қорғап, аталған сол команданың қатарында, чемпионатқа қатынасушы 12 команданың арасынан озық шығып l-орынды иеленіп, чемпион атанды. Бұған қоса Атырау қаласында 2023 жылдың 16-18 қараша аралығында  Ұлттық мектеп лигасы футзалдан 7-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған облыстық мектеп лигасында, Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, қазіргі уақытта Сармат әскери мектебінің тәрбиеленушісі Дарын Мейрамұлы аталған құрама команда сапында өнер көрсетіп ll орынды иеленді.Футболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар А. Идрисов, А. Алдешов, Ш. Муханғалиев.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521