Аударыспақтан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалуда

Аударыспақтан ұлттық құрамамыз Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында дайындалып жатыр.  

29 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 11 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен, ең үздік деп танылған 12 аударыспақшы жоспар бойынша дайындалуда. Оның ішінен 6 іріктеліп, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды. 

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев: 

- 29 шілде басталған оқу-жаттығу жиынымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Күнде белгілі бір графикпен жүмыс жасаймыз. Бірінші физикалық жаттығу, түстен кейін атпен дайындаламыз. Бұл оқу-жаттығу жиынында жігіттердің қаншалықты дайын екенін көріп жатырмыз. 12 спортшы ішінен 6 мықтыны іріктеп, көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетеміз деген ойдамын. 

Еске сала кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында ұлттық құрамамыз қорытынды оқу-жаттығу жиынын 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өткізеді. 

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында аударыспақ спорты бойынша жарыстар 8-10 қыркүйек күндері Этноауылда өтеді деп жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT