Атыраулық спортшылар армрестлингтен Азия чемпионы атанды

23-30 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында армрестлингтен ХХ Азия чемпионаты өтті. Сайысқа 14 елден 500-ге жуық спортшы қатысты.

Атырау облысы мүгедектер спорттық клубының спортшылары құрлық додасында 3 алтын және 2 күміс жүлдеге ие болды. 90 келі салмақта Қайрушев Асылан оң және сол қолдан қос алтын жүлдеге ие болды.

80 келі салмақта Тулебаев Сатбек оң қолдан алтын және сол қолдан күміс жүлде еншілесе, +75 келі салмақта Набиева Асия күміс медаль жеңіп алды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521