Дзюдошы Ануар Сариев Токио Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті.
60 келіде белдесетін балуанымыз алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы СухэБатор Ядамдоржды ұтқан болатын.
Финалдағы қарсылас — әзірбайжандық Вугар Ширинли.