Атыраудан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болды

Республикалық чемпионаттан іріктеліп, үздік атанған 3 спортшы дүниежүзілік додада ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олар Нұржан Сәрсенғалиев - алыш күресінен ҚР чемпионатының жеңімпазы, 20 жаста.

Арман Қошқаров - құсбегіліктен ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 39 жаста.

Марат Бексұлтан - дәстүрлі садақ атудан ҚР спорт шебері. Қазақстан чемпионатының, сондай-ақ бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 47 жаста.

 

- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Бірлік» керуені ұйымдастырылады. Облыстық делегация құрамында ұлттық спортқа үлес қосып жүрген белсенділер, БАҚ өкілдері және спортшылар бар. Сондай-ақ, әр өңір 3 киіз үйден тігіп, этноауыл құрады. Біздің киіз үйлердің біреуіне мұражай жәдігерлерін қоямыз. Ал екінші үйде салт-дәстүр, үшінші үйде аймақ туризмі қалың көпшілікке таныстырылады,-деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасы басшысының м.а Нұржауған Төлеуова.

 

Еске сала кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған 2000-нан аса спортшы қатысады деп күтілуде. Олар ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, жамбы ату және арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 21 түрінен жарысады.

Анықтама үшін: облыс спортшыларының көшпенділер ойындарындағы нәтижелері мынадай: 2018 жыл – Қырғызстанда өткен ІІІ дүниежүзілік ойындары Қалиев Арман – күміс медаль, қырғыз күресі Амандық Абылай - қола медаль, түркімен күресі Ақжол Қайыпхан – қола жүлде, алыш күресі 2016 жыл – Қырғызстанда өткен ІІ дүниежүзілік ойындары Закарияев Сұңғат – алтын медаль, қазақ күресі Қалиев Арман – күміс медаль, қазақ күресі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT