"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы ҚР 27-ші Кубогы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді. Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында петропавлдық "Есіл СК" командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен "Ұшқын-Көкшетау" командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды. Ал Маңғыстау облысының "Маңғыстау" командасы үздік үштікті қорытындылады.

k

- Қазіргі таңда біздің команда алда өтетін "Суперкубок" ойынына қызу дайындалуда. Осы ойында ҚР кубогында көрсеткен нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді "Атырау волейбол клубының" директоры Амандық Ғарифолла.

k

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында "Суперкубок" ойыны өтеді. Ойында Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген "Буревестник", "Атырау", "Маңғыстау", "Ұшқын-Көкшетау" командалары өзара бәсекеге түсетін болады. "Суперкубок" иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT