25-28 қыркүйек күндері «Атырау» спорт кешенінде бокстан спорт шебері Андашев Қамбардың рухына арналған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнирі өткен болатын.
Жарысқа Ресей, Қазақстан, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 165 жас боксшы қатысып, бақ сынады. Турнирдің құрметті қонағы ретінде бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет, 2019 жылғы Екатеринбург (Ресей) қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары Бекзат Нұрдаулетовпен, қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Джакиев Марат шақырылды.
Марапаттау салтанатына 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, мәдениет және спорт министрлігінің, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры, Атырау облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ренат Ибрагимовтар қатысты.
Өз тілшіміз