Жылыойдағы қоғамдық штаб тасқыннан зардап шеккендермен жұмыс істеп жатыр

Жылыойда қоғамдық штаб жұмысы 14-сәуір күні басталды.

Штаб мүшелері гуманитарлық көмекті бір орталыққа жинап, оларды елді мекендер бойынша бөлумен айналысады. Сонымен қатар мамандар эвакуациялық пунктердегі жағдайды тексеруге ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы Жылыой ауданы қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, штаб зардап шеккен азаматтардың ішінен ерекше топты бөліп алу туралы шешім қабылдады. Себебі, олар мүлдем баспанасыз қалды. Осы орайда ең алдымен осы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделді.

«Суға кеткен үйлер түгелімен дезинфекциядан өтті. Олардың бағаларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықтың түрлі ой-пікірлері бар. Сол пікірлерді орталыққа жеткізіп жатырмыз. Халықтың негізгі сұрайтыны, қолға ақшаның берілмеуі болды», – деді спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT