Махамбеттік Гүлфайруз Төлегенова «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының Республикалық кезеңіне өтті

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білім мен дағдыларға ие үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтау және оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Аталған байқауға облыс бойынша 11 мемлекеттік қызметші өтініш білдіріп, бастапқы кезеңде эссе жазып, кейстік тапсырманы орындады.
Бұдан әрі, іріктелген кандидаттар өңірлік комиссияда әңгімелесуден өтті.
Нәтижесі бойынша Ережеге сәйкес үздік 2 кандидат, Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары – М. Камзин және Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы  Г. Төлегенова Республикалық кезеңге жіберілді.
Атап өту қажет, кәсіби мереке қарсаңында жыл сайын «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіліп, саладағы үздіктерді анықтап, марапаттау ұйымдастырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз