Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі

Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Биыл 6 мың пәтер береміз деп жоспарлағанбыз. Бірақ оның саны асайын деп отыр. Бүгінгі күнге дейін 2813 пәтер берілді. Енді жыл соңына дейін 8 мыңнан астам пәтер беруді жоспарлап отырмыз», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Ол көпбалалы отбасылар үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер немесе жыл сайын 6 мың пәтер салу жоспарланғанын еске салды.

«Бұл мақсаттарға 7 жылға 350 миллиард теңге (немесе жыл сайын 50 миллиард теңге) қарастырылған», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2% көлемінде қосымша несие берілетінін айтты.

«Бұл жыл сайын 5000 отбасының өмір сүру жағдайын жақсартады. Жеңілдетілген ипотекалық несиелердің қол жетімділігін арттыру үшін тұрғын үй заңнамасында тұрғын үй сертификаттарын беру тетігі қарастырылған. Сәуір айында тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 45,6 млрд теңгеге 4434 өтінім қабылданды. Оның ішінде 24,9 млрд теңгеге 2382 өтінім мақұлданды», - дейді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, биыл 30 сәуір күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалдамалы тұрғын үй беру мәселелерін реттеу бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика