Журналистикада контентті даярлау барысында жасанды интеллект технологиясын қолдану

«Reuters Institute» британдық зерттеу орталығының 2019 жылғы есебіне сәйкес медиа саладағы жасанды интелект дамуының 3 бағытын ұсынамыз:

 Мәтін мен видеоны даярлауды автоматизациялау. Мәтіндерді генерациялау үшін программалары мен виртуалды тележүргізушілер редакцияларға материалдардың дайындалу жылдамдығы мен тиімділігін жоғарлатуға көмектеседі.

Контенттік даралық және ұсыныс беру жүйелері (контент-менеджмент). Оқырмандардың кезкелген БАҚ-ты оқу тарихы мен олар туралы ақпараттың сараптамасы жаңалықтар лентасын қалыптастыруда үлкен септік тигізеді. Бұл жекелеген оқырмандар үшін де, жалпы аудитория үшін де маңызды.

Қосымша журналистика.Жаңалықтардың арасынан актуалдыларын таңдап, саралайтын бағдарламалар журналистер мен редакторлардың материалдарды дайындау мен тексеру жұмысының салмағын жеңілдетеді.

Мәтіндік контентті даярлау

Мәтіндік контентті даярлаудың тиімділігі материалдарды өндіру кезіндегі көлемнің, жылдамдық ұлғаюы және алгоритмдерге күнделікті жұмысты тапсыру мүмкіндігі болып саналады.

Жазбалардың көп бөлігі адаммен дайындалған нұсқалар бойынша жүзеге асады. Бұл ауыспалы мәтіндердің қолдануымен жасалған толыққанды мәтіндердің бірнеше түрі.

Шаблондардың бір кем тұсы – олар әмбебап емес. Әрине, бір редакция ішінде әзірленген мәтіндер өзара қатты ерекшеленбейді. Мәтінді толық жазып шығу үшін біршама көп ережені жүктеуге тура келеді. Аталмыш алгоритмдер батыс еуропалық тілдер үшін ыңғаййлы. Себебі сол тілде жазылған мәтіндердің әр сөйлемінде белгілі көлемдегі сөздер қолданылады.

Видео контентті даярлау

Видео материалдарды дайындау ең күрделі процестердің қатарына жатады. Осы фактіні назарға алған ірі БАҚ видео контентті дайындаудың күнделікті процестерін автоматтандыруда. Бүгінгі таңда ірі БАҚ субтитрлардың қосымша видеоқатарын, видеосюжет жобаларын, бейнеде объектерді тану процесін және де жаңалықтар жүргізушілер бейнелерінің цифирландыру жобаларын жүзеге асырды.

IT-компаниялар кең қолданыс үшін субтитрлар мен олардың аудармасын автоматтандыру бойынша бағдарламалық шешімдерді құрастыруда.

Бұл бағдарламалар видео контентті монтаждауға жәрдем береді. Олар эфирге дайындалып жатқан жаңалықтар үшін түсіріліп келген материалдардан шағын ақпараттар дайындайды.

Контент-менеджмент

Контент-менеджмент – контетті басқару және оңтайландыру процесі. БАҚ кезкелген материалды дайындау барысында аудиториядан алынған ақпаратқа сүйенеді. Бұл ақпаратқа мекенжай географиясы, адам жынысы мен жас ерекшелігі, жаңалықтардың рейтингісі және басқа да мәліметтер енеді.

Метадеректерді өңдеу барысында машиналық оқу тәсілі мен ұсыныс жүйелері пайдаланылады.

Машиналық оқу тәсілі. Журналистикада машиналық оқу интернеттен , әлеуметтік желілерден, ақпарат агенттіктерінен алынған ақпараттарды классификациялау кезінде кеңінен пайдаланылады. Ақпараттардың сұранысы мен рейтингінің жоғарлауы, сонымен қатар интернетте аудиторияның күні кеше ғана болған сұранысына және қызығушылығына қарай ақпараттар легінің сигменттелуіне болжам жасалуда.

 Ұсыныс беру жүйелері.

Аудиторияның қызуғушылығына қарай бағдарламалар сәйкес контентті тауып және оны ұсынады.

Қосымша журналистика

Қосымша журналистиканың негізгі мақсаты – мақалаларды дайындауда ақпараттарды пайдалану навигация, соның ішінде бағдарлама шынайы уақыт режимінде негізгі актуалды ақпараттар мен трендтерді табады. Жасанды интелект көмегімен мақалаларды әртүрлі талғамды аудитория үшін бейімдеуге болады. Бағдарлама ұсынылған мақаланы толықтай зерттеп, әртүрлі бағыттағы БАҚ үшін аталмыш мақаланың бірнеше нұсқаларын ұсынады.

Бағдарламаны әзірлеуде басты рольдердің бірі – бағдарламамен тығыз байланыста болатын тіл. Ағылшын тілінің қарапайымдылығын ескеретін болсақ, мәтіндік контентті дайярлау бойынша бағдарламалар қарқынды даму жолында.

Ресейлік програмистер де орыс тілді контентті генерациялау үшін жасанды интелект өндіруде. Орыс тіліндегі кейбір грамматикалық категориялардың күрделілігіне байланысты бағдарламаны жасау процесі баяу.

Тұжырымдар

Жасанды интелект технологиялары контентті толықтай әзірлеу барысында адами факторларды есептен шығармайды. Бағдарламалық шешімдер тек контентті жасау процесін ықшамдату және күнделікті тапсырмаларды жеңілдету үшін қосымша құрал болып саналады.

Бағдарламалар журналистермен материалдардың дайындалу жылдамдығына және олардың таралуында даралалыққа баса назар аудартады. Олар пайда болатын ақпараттық толқынға шұғыл жауап беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар толассыз ақпараттық ағымның ішінде контентті даралауға көмер береді.

Алайда, контент жасау үшін жасанды интелектті пайдалану тек ірі медиа компаниялар үшін ғана қол жетімді. Себебі бұл компаниялар машиналық оқу тәсілі мен тілді өңдеу саласында қызмет атқаратын жетекші програмистерді тартады.

Жаңа бағдарламалардың ерекшелігі - БАҚ кәсіби мамандары үшін жаңа жұмыс орындарының пайда болуын және бұл салаға техникалық мамандарды тартуын талап етеді.

Медиа сарапшылардың пайымдауынша, журналистиканы болашақта дамыту үшін жасанды интелект технологияларын инвестициялау қажет. Алайда, редакциялық жұмыстың толық баламасы ретінде емес.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT