Жұлдыз ықшамауданында жоғалған 1,5 жастағы сәби әлі табылған жоқ (+ВИДЕО)

Кешеден бері Жұлдыз шағын ауданында жоғалған жас жарымдағы сәбиді іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаменті.

Бүгін таңғы сағат 06.30 бастап көмекке келген қала мен жақын маңдағы поселкелердің 400-ге жуық тұрғындары мен еріктілер, 50 ұлттық ұлан әскерлері, 20 техникамен 100-ден астам полиция қызметкерлері, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар Департаментінен 16 қызметкері, 4 техника және 2 қызметтік ит осындағы 50-ден астам көшелерді жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.

Сонымен қатар, кешеден 3 дрон қолданылуда. Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел жан -жақты жұмыстар жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, кеше 20 мамыр күні күннің екінші жартысында Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы 10 көше ,№57 үйден шығып кеткен Әли есімді 1,5 жастағы сәбидің жоғалып кеткені туралы облыстық Полиция департаментінің фейсбук парақшасында хабарланған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521