Жоспарланған тойымызды кейінге ығыстырдық

Елімізде, бүкіл әлемде орын алып жатқан соңғы жаңалықтарға сәйкес, біз де отбасымызбен ақылдаса келе, көптен күткен ұлымыздың тойын кейінге шегеруді жөн санадық.

Негізінен тойды сәуір айының орта тұсына жоспарлап, шақыру билеттерін де дайындап қойғанбыз. Әйтсе, де күні кеше мемлекет басшысының үндеуін тыңдаған соң, қауіптенуге негіз барын түсіндік. Қазақтың тойы жоқ дегенде 300 адамсыз өтпейді.

Ал, қазіргі жағдайға байланысты 50 адамнан артық бір жерге жинамауды тапсырып, қатаң қадағалап жатыр. Басқа облыстағы құдаларымызбен де ақылдасып, екі жақтың тойын, басқа да жөн-жоралғыларын тамыз айына шегеруге келістік.

Тойханаға да өзім телефон соғып, белгіленген күнді ауыстырдым. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген балаларымның, туған-туысымның амандығы бәрінен де қымбат, ал тойды сәті түскен күні жасайтын боламыз.

Бастысы, осы індеттің алдын-алып, ел болып еңсеріп шығатынымызға сенемін. Барша қонақжай ауылдастарыма, халқыма, той-топырды тыйып, мамандардың сөзіне құлақ асуға кеңес беремін.

Д. Төлегенова,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT