ЖОЛДАУДЫ ҰСТАЗДАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Президент Жолдауында: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», – деді.

Халыққа жолдау жариялайтыны туралы Президент осыдан үш апта бұрын хабарлап, «2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауында есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - делінген.

Жолдау кезінде Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін еске салды. Бұл ұстаздар үшін қуанарлық жағдай. Жолдауда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер мәселесі жөнінде де айтқан болатын. «Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді Мемлекет басшысы.

Р.Альдешова,Қ.Қалыбеков атындағы

Сарытоғай орта мектебі

директорының міндетін атқарушы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521