Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдау мазмұнды болды.
Барлық сала қамтылды. Мұндай пікірді жазушы, философ, кинодраматург Дидар Амантай білдірді. Оның айтуынша, Жолдау - еліміздің дамуының болашағы үшін жасалып отырған үлкен бағдарлама.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирден мұқият тыңдадым. Жолдау мазмұнды болды. Онда бүгінгі қазақ елінің ішкі жағдайы мен сыртқы ахуалы толық қамтылды. Ең бастысы үлкен экономикалық жобалардан бастап, өнер адамдарының қал-жағдайына дейінгі аралық түгел қамтылды»,- дейді Дидар Амантай. Спикердің сөзінше, пандемия халықтың өмір сүру салты мен деңгейіне қатты әсер етті. Халық мемлекеттің қолдауы мен қорғауына мұқтаж. «Міне, осы тұста Мемлекет басшысы Жолдауында халық өз мәселесімен бет-бет қалмайтынын айтты. Президент пандемия кезінде қазақ экономикасы қандай бағытта дамиды, қандай шаруаларды қолға алу керек екенін рет-ретімен айтып берді. Сонымен қатар, білім саласы мен оның сапасы ерекше назарға алынды. Президент оқу орнында білім алған студенттің квалификациясы жұмысқа орналасқанда келмей қалатынын баса айтты. Себебі қазір технология дамып жатыр. Осыны ескеру керектігін ескертті»,- дейді жазушы.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес келіп отырған Жолдауда қозғалған негізгі тақырыптардың бірі мәдениет пен өнер болды.
«Президенттің өнер адамдарын қолдау механизімін қалыптастыру керек дегені ұнады. Тағы бір ерекше атап өтетін тұсы ол- Қазақстан елінің әлеуметтік мемлекет екендігі. Тұрмысы нашар отбасыларға түрлі көмек ұйымдастырылады. 2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мыңға көтерілетін болды. Жалпы, Президент бәрін сатылап айтып берді. Ендігі кезекте, оны орындау керек», - деп түйіндеді ойын Дидар Амантай.
Inform.kz