Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы халық арасында кеңінен қолдау табуда. Онда айтылған міндеттерді кеңінен насихаттау мақсатында Жылыой ауданы әкімдігінің Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңа Қаратон кентіндегі №23 мектепте ата-аналар мен жоғары сынып оқушыларымен жиын өтті. Кездесуді жүргізген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаров Президент Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға жеке-жеке тоқталып, мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ел экономикасын дамыту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ кездесуде
"Баланы жастан" және "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыптары бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Жиында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Інжу Ермекбаева, ардагер ұландардың "Мұрагер" қоғамдық қорының төрағасы Нұрлан Сақтағанов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Еркін Изғалиев, аудандық мұсылмандар мешітінің найб имамы Райымбек Сағындықов, №23 мектеп директоры Зылиха Мекесова өз ой тұжырымдарын ортаға салды.
Өз тілшіміз