Махамбет аудан көлемінде 2020 жылдың ақпан айының 12-14 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
Шараның мақсаты - ПБ сала қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралары кестесіне сәйкес жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара кезінде жолда жүру ережесін бұзған барлығы 48 құқық бұзушылық анықталды.
Ауданымызда жол-көлік оқиғасының санын төмендету мен жүргізушілердің автокөлікті басқарудағы мәдениетін арттыру мақсатында осыған ұқсас іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отыратыны жөнінде назарларыңызға беремін.
Н.Сыдиықов,
Махамбет ауданы полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы,
полиция аға лейтенанты
Сурет:дереккөз