Бүгінде қоғамның дамуына үлес қосып жүрген мамандықтардың бірі – жұмысшылар. Олар зауытта, құрылыста, шеберханада, жол бойында еңбек етіп жүрген қарапайым жандар. Бірақ атқаратын жұмысы өте маңызды.
Еңбектері көзге көріне бермесе де, күнделікті тіршілігіміз соларға тікелей байланысты.
Жұмысшы болу бұл абыройлы іс. Нағыз еңбек адамы ешқашан жерде қалмайды. Олар елдің тірегі, қоғамның негізгі күші.
Қорыта айтқанда, жұмысшы – өмірдің өзегі. Қолымен істеп, елге қызмет ететін осындай жандарды бағалау бәрімізге ортақ парыз.
С.Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Мақат ауданы