Бұл жыл еңбек нарығына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға және жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға тың мүмкіндіктер ашуда. Осы бағытта жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Әр өңір өздерінің экономикалық әлеуетіне сай қажетті кадрларды даярлау үшін түрлі деңгейдегі бағдарламаларды енгізіп, жастардың ынтасын көтеруге әрі кәсіби шеберлігін дамытуға ерекше көңіл бөлуде.
Соның ішінде ауданымыздағы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде жұмысшы мамандықтарын оқытуға байланысты бірқатар игі қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда студенттер мамандықтарын терең меңгеріп, тәжірибелік қабілеттерін жетілдіру үшін дуалды оқыту жүйесіне белсенді түрде тартылуда. Бұл әдіс жастардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақта еңбек нарығына сенімді қадам басуына жол ашады.
Нұржамал Мұратова
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары