Жұмысшы мамандығы – қоғамның айнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды.

 Бұл – экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы саналатын жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам. Аталған бастама елдің тұрақты өсімі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындайды. Өйткені жұмысшы болу – тек белгілі бір кәсіп иесі болу ғана емес, ол – тәртіп, шыдамдылық, дәлдік пен еңбекке адалдықты өмір салтына айналдыру.

Әрбір болат балқытушы, дәнекерлеуші, теміржолшы, құрылысшы – өз ісінің шебері. Олар қарапайым көрінгенімен, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлғалар. Бүгінде мемлекет жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге айрықша көңіл бөлуде.

Жоғары жалақы, тұрақты жұмыс орны, кәсіби білім алу мүмкіндігі – жастардың осы бағытқа қызығушылығын арттыра түсуде. Сондықтан ел мерейін үстем етер жұмысшы мамандарының абыройы мен қоғамдағы маңызы арта берсін!

Ш.Ищанғалиев,

ардагер

Мақат ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT