Жұмысшы мамандығы — ел дамуының қозғаушы күші

Жұмысшы – ел экономикасының тірегі саналатын ең маңызды мамандықтардың бірі. Қоғамда көптеген сала болса да, соның ішінде нақты еңбекпен айналысатын жұмысшылардың орны ерекше. Олар — зауыттарда, құрылыс алаңдарында, ауыл шаруашылығында, өндіріс орындарында тынымсыз еңбек етіп, күнделікті өміріміздің тұрақты болуына үлес қосатын жандар.

Жұмысшы мамандығы үлкен жауапкершілікті, шеберлікті және физикалық төзімділікті талап етеді. Бұл мамандық иелері өндірістің алдыңғы шебінде жүріп, елдің дамуына тікелей әсер етеді. Қарапайым көрінгенімен, әрбір жұмысшы еңбегінің артында үлкен күш пен қажырлы еңбек жатыр. Оларсыз ешбір өндіріс орны, құрылыс нысаны немесе қызмет көрсету саласы жұмыс істей алмайды.

Бүгінде техникалық және жұмысшы мамандықтарына сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Бұл — мемлекетіміздің индустрияландыру бағыты мен өндіріс қуатын арттыруға баса назар аударып отырғанының дәлелі. Қазіргі заманғы жұмысшылар тек қол күшіне емес, технологияны меңгерген, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын, кәсіби білім мен дағдыға ие болуы тиіс.

Жұмысшы мамандығы — еңбекке адалдықтың, табандылықтың және қоғамға пайдалы болудың жарқын үлгісі. Сондықтан бұл мамандыққа құрметпен қарап, жастарды техникалық білім алуға, еңбекқорлыққа баулу өте маңызды. Себебі елдің нағыз байлығы — еңбек еткен адамда.

 

 

К.ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT