Жұмысшы мамандар мемлекеттің назарында

Халық сенім артқан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Ел асыға күтетін Жолдауды Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің оқытушы-қызметкерлер мен студенттер қауымы айрықша ықыласпен тыңдады.

Президент Жолдауы ел тағдыры үшін маңыздық құжат. Әлеуметтік-экономикалық, саяси даму бағытын бағдарлайтын Жолдауда мемлекет басшысы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандарды даярлау» деп аталған бірқатар тапсырмалары атқарылатыны белгілі. Осы жолғы Жолдауда жұмысшы мамандарды даярлауға тарту жұмыстарына ерекше тоқталып назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі техникалық, мамандандырылған оқу орындарының әлеуетін арттыру қажеттілігі де айтылды.

Оның ішінде инженер, құрылысшы, агроном мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан бітірген мамандардың жетіспеушілігін қамтамасыз ету мәселесі күнтәртібіндегі өзекті тақырыпқа айналды.

Цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарға, ел өңірінде шыңдалған оқу-төу деуге толық негіз бар.

Президентіміз Ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымымен студенттер қауымы Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайды.

 

Асылбек МҰСТАФА,
Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT