2025 жылдың «Жұмысшылар жылы» деп жариялануы – біз сияқты қарапайым еңбек адамдарына деген зор құрмет.
Электрик маманы ретінде айтарым – біздің еңбегіміз көзге көп көрінбесе де, елдің жарығы сөнбей, тіршілігі тоқтамауы үшін күн сайын тер төгеміз.
Биылғы жыл – еңбектің бағаланып, жұмысшы мәртебесі арта түсетініне сенімім мол.
Асқар Дошуұлы