Жұқпалы дерт қалай тарайды?

Атырау облысында дәрігерлердің айтуынша, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды негізінен 15-49 жастағы адамдар құрайды. Оның ішінде 20-39 жастағылардың 65-70 пайызы қайта жұқтырыпты. 

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов ауруды жыныстық қатынас арқылы жұқтыратындардың саны артқанына алаңдаулы.

–Біздің негізгі мақсатымыз – халық арасында инфекцияның алдын алу шараларын ұйымдастыру. Өздеріңіз білетіндей, вирус ағзаға үш жолмен жұғады: қорғалмаған жыныстық қатынас, қан арқылы (медициналық процедуралар, татуировка, пирсинг, маникюр, хиджама) және жүктілік, босану және лактация кезінде. Орталықтың профилактикалық жұмысы негізінен есірткіні инемен егетіндер, коммерциялық секс қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар және сотталғандарға бағытталған. Ондағы мақсаты – зиянды азайту. Оларға шағын сессиялар өткізіледі, қорғаныс құралдары, соның ішінде презервативтер таратылады, АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізіледі, – деді директор.

Қазіргі уақытта антиретровирустық препараттардың арқасында емдеудің жақсы нәтижелеріне қол жеткізілген. Кез-келген адамның еш нәрседен қорықпай ертерек тексеріліп, қажет болған жағдайда ем ала алуына болады. АИТВ инфекциясының диагностикасы мен емі толығымен тегін жүргізіледі. Атырауда орталықтың 21-11-03 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT