Жерлесіміз «Жыл меценаты» номинациясына ие болды

Ортамызда туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік.

Айналасына жанашыр меценаттарға, бизнес-құрылым өкілдеріне, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт Жүрек» сыйлығының Атырау қалалық кезеңі лауреаттарын марапаттау шарасы өтті.

«Жомарт жүрек» сыйлығы өңіріміздің дамуына үлес қосқан бизнес-құрылым өкілдеріне, меценаттарға, үкіметтік емес ұйымдарға, мұқтаж жандарға көмек қолын соза білген азаматтарға табысталады.

"Жомарт жүрек" сыйлығының "Жыл меценаты" номинациясына туған жерде түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткен «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры махамбеттік жерлесіміз Әділ Орынбасарұлы Жұбанов ие болды.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521