Жастарды жігерлендірген Президент Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн. теңге қаржы жұмысалатынын айтты. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Ауылды жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді. Сондай-ақ бұл құжатта Президент ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырма берді. Президентіміз ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып отыр. Ел азаматтарына алдағы келе жатқан реформаларға дайын болып, күш-жігерін аямай, еңбек етуге шақырды. Мен Президент белгілеген саяси шешімдерді толықтай қолдай отырып, ондағы негізгі міндеттерді іске асыруға қолымнан келгенше үлес қосатын боламын.

 

Ә.Әбілқасым,

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521