Жастарды ІТ-жобаларға тарту – өңірдің дамуына серпін

Мемлекет басшысы Жолдауында еліміздің жаңа даму бағытын айқындап, цифрландыру, технологиялық серпіліс және адами капиталды күшейту сияқты маңызды міндеттерді алға қойды. Әсіресе, жастарды заманауи ІТ-білімге баулу, технологиялық жобаларға тарту – уақыт талабы. Бұл бағытта айтылған бастамалар бүкіл ел бойынша үлкен қолдауға ие болып отыр.

Президент тапсырмасымен іске аса бастаған Al-Sana бағдарламасының 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуға бағытталуы – білім беру саласындағы ауқымды қадам. 

Бүгінде өңірімізде жастардың ІТ саласына қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Компьютерлік сауаттылықты арттыру, жаңа мамандықтарға бейімдеу, инновациялық орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл бағдарламаның жүзеге асуы арқылы аудан жастары стартаптарға қатысып, тәжірибеден өтіп, республика деңгейіндегі жобаларға үлес қосуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде робототехника, программалау, инженерлік бағыттарды кеңейтуге жол ашылады. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жаңа буын мамандардың қалыптасуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бастамалар – елдің келешегіне бағытталған нақты қадамдар. Al-Sana бағдарламасының іске асуы ауданымыздың да дамуына серпін беріп, жастарымыздың әлеуетін толық ашуға үлкен мүмкіндік туғызады.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT