Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Мақат ауданы, Доссор кентіндегі мәдениет үйінде облыстық Жастар театрының «Жәннат» қойылымына арналған гастрольдік сапары ұйымдастырылды.




Қойылым алдын көрерменге Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының Аға жедел уәкілі Қанатбеков Бекзат Қанатбекұлы онлайн қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
🔊 Спикер «Сандық тұзақтар: интернетте өз-өзіңді қалай қорғауға болады? Дипфейктер және жаңа қауіп-қатерлер» атты мазмұнды баяндама жасап, цифрлық кеңістіктегі алаяқтық түрлері, ақпараттық қауіпсіздік талаптары және жалған бейне-аудио материалдардың (дипфейктердің) қауіптілігі жөнінде маңызды деректермен бөлісті.
✨ Көрермен назарына арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, жасөспірімдер мен жастарға цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндірілді.
#заң_мен_тәртіп #zhastar #theatre


