О.Шонаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жиын өтті.
Оған мектеп директорлары, ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары қатысты. Жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Ж.Ділмағамбетова баяндама жасады. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған 153 шаралар білім беру ұйымдарында өтіп, БАҚ беттерінде 18 мақала жарияланды. Есепті мерзімде ЮПБ учаскелік полиция инспекторларымен ішкі істер органдарының жайсыз отбасы профилактикалық есебіне 8(27) отбасы есепке алынды.
Қылмыстық жауапкершіліктен, жазадан ақтамайтын негіздер бойынша оның ішінде кешірім, рақымшылық актісіне алдын алу есебіне 7(8) жасөспірім есепке алынды. Ішкі істер бөлімдеріне 127 кәмелетке толмағандар әкелініп, олардың 112-і әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жеткізілген, 3-не қорғау нұсқамасы берілді. Мектеп инспекторларымен жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясына 20 құжат жолданып, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін 4 жасөспірім, қалған 16 құжат ата-аналарына қатысты комиссия отырысында қаралып, хаттамалары жасақталды.
Ағымдағы жылы атап айтқанда жасөспірімдермен жасалған 4(3) қылмыс тіркелсе, оны жасаған кәмелетке толмағандар саны-7(1). Оның ішінде колледж студенті-6. Олар Махамбет көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің 1 курсында оқитын 3 студенті, қалғандары Атырау қаласында оқитындар. Бұл оқиға бойынша колледжге бекітілген инспектор жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмай, қылмысқа жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте ҚР ІІМ-нің 2019 жылғы 8 қазандағы №1-5-62/3752-И санды нұсқауы келіп түсті. Нұсқауда ағымдағы жылдың 9 айында еліміз бойынша кәмелетке толмағандар жасаған 1932 қылмыс тіркелген. Бұл 2018 (2187) осыған көпшілігі олардың тұрғылықты мекенжайында жасөспірімдердің өгей әкелері, туыстары, таныстары тарапынан болған.
Ауданда жасөспірімге қарсы жасалған қылмыстар есепті мерзімде 2(2) қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп отыр. Жалпы аудан бойынша 11917 жасөспірім тіркелсе, оның 6684-і мектеп оқушылары. Ауданда 17 мектеп, 1 колледж, 1 арнаулы мектеп-интернат инпекторларымен толық қамтылып отыр. Ювеналды полиция қызметкерлерінің штаттық құрылымына келетін болсақ, 11 қызметкердің 9-ы мектеп инспекторы. Екі аға инспектор орны бос тұр. Екі мектеп инспекторы декреттік демалыста болса, бір орын бос. Мектеп инспекторының штаттық санына қарамастан кейбірінің бала күтімінде болуы, енді бірінің лауазымдарында тұрақтамауынан бір инспекторға бірнеше мектеп қосымша бекітілген.
Мектеп инспекторы А.Елешова кей директорлар мектеп инспекторын көрмей жатырмыз деп қоңырау шалатынын, олар кестеге сай жұмыс істейтінін, кейбірі бір аптада бес мектепті аралайтынын, ұсыныс хатпен оларды шақыртуға болатынын меңзеді. Ал инспектор Ж.Ділмағамбетова үлкен шараларға, қалаға баруға патрульдік полициямен ілесіп жүру(сопровождение) мәселесіне тоқталды.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Нұрланқызы мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін керектігін, ол үшін полицеймен ілесіп жүру дұрыс жасалуын қадағалауды тапсырды. Махамбет көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің директоры П.Дюсеев тәрбие ортақ мәселе екенін, өзінің білім саласында 42 жылдай қызмет етіп келе жатқанын, колледждің үш баласы тәртіпсіздік жасап, бұрынғы Алтын орданың, ноғайлы хандығының астанасы- Сарайшық қаласының қазба жеріне барып, сүйектерді шашқанын еске алды. Ол полицейлер өз жұмысын күн-түн демей, мігірсіз, адал атқаратынын, бәрі адамның өзіне байланысты екенін айтып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.
Жасөспірім инспекторы Жанар Ділмағамбетова аумақта жайсыз отбасы, келеңсіз жайттар байқалса, дереу хабарлауды тапсырып, бір ер адам өзімен тұратын әйелдің 13-14 жасар қызын үнемі ұрып-соғып, тіпті өгей қызын етікпен тепкенін, сонда да әйел ол адамға кешірім бергенін баяндады. Жиынды аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина қорытындылады.
А.Қуанышқалиева