Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев су тасқынының алдын алу жөніндегі жедел штаб алаңында өткен брифингте айтты.
"Ақкиізтоғай ауылында дер кезінде тиісті шаралар алынды. 40 үй эвакуацияланды. Дамбының биіктігін арттыру арқылы, Құлсары қаласына келген суды Қамыскөл арқылы Каспийге ағызып жіберуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда. Жылыойда жағдай қазір күрделі" деді Жасұлан Бисембиев.
Спикердің айтуынша , Қызылқоға ауданында ахуал тұрақты. Ойыл өзенінің деңгейі түсіп келеді. Алдағы бірер күнде ахуал тұрақтанады деп күтілуде.
Баян Жанұзақова