Желтоқсанның 4 күні «Jas Otan» ЖҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңіріміздегі белсенді жастардың қатысуымен, оның ішінде жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жас көшбасшы-2019» облыстық байқауы өтті.
Жыл қорытындысы ретінде өткен байқауға әр ауданның, сондай-ақ қала жастары қатынасты. Сайыс сырттай және негізгі бөлім негізінде өткен болатын.
Байқау нәтижесінде барлық қатысушылар «Алғыс хат» және бағалы сыйлықтармен марапатталса, әлеуметтік желідегі «Үздіктер» айдары бойынша ең көп дауыс жинаған Исатай ауданынан келген Ерланқызы Асылай «Үздік жас» номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың жүлделі III орын иегері Махамбет ауданының белсенді жасы Құжырбаев Сейтжан, II орынды Атырау қаласының намысын қорғаған Орынбаев Аманбай иеленді.
А.Сатаева