Жақсылық нышаны

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында өзекті мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелер де көтерілді. Оның ішінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру де бар.

Мемлекет басшысының Жолдаудағы : «билік пен халық арасында диалог болуы тиіс. Бұл диалогті міндетті түрде орнатамыз. Қоғамдық тәртіп пен үйлесімді дамуды қамтамасыз етеміз» дегені көкейге қонымды болды. Бұл түсінгенге биліктің халыққа жақындай түсуге мүдделі екенін көрсетіп тұр.

Сонымен қатар Президенттің «дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деген сөзі тамыр-танысы жоқ, өз білімдеріне сенген жастарға үлкен демеу болары сөзсіз. Әрине, алып та, батыр да, ақын, зиялы да ауылдан шығатыны белгілі. Олай болса, ауыл баласына биліктің көзі түсуі -жақсылықтың нышаны.

Г.Аухадиева,

Алмалы ауылдық округінің әкімі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT