Жанжал шығарғаны үшін 10 тәулікке қамаққа алынды

Отбасында жанжал шығарған.

Ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жанұя тыныштығын бұзып, жанжал шығарып, келініне балағат сөздер айтқан.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Алайда жәбірленуші қайын ағасына кешірім бермеген. Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521