Республика Күнін мерекелеу аясында өтіп жатқан «Жанашыр жүрек» атты халықтық акциясы тағы бір игі іспен жалғасты.
14 қазан күні «Атырау облысының ішкі саясат басқармасының азаматтық орталығы» КММ-сінің еріктілері «Жаныңдамыз!» деген акцияға қатысты. Акция барысында балалар бес мұқтаж отбасына азық-түлік қоржындарын таратуды ұйымдастырды. Сондай-ақ, акция аясында Азаматтық орталық ҮЕҰ өкілдерімен және еріктілер тобының мүшелерімен бірлесіп «Жақсылық сабақтарын» өткізді.
Балалар тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына кеңсе тауарлары мен киім-кешектерді жинап беріп, тұрмыстық техниканы да сыйға тартты. Әрине, бұл игі істер жақын туратын адамдарды қолдауға ғана емес, негізінен бұл акциялардың идеясы – жастар арасында қайырымдылықты насихаттау және дамыту болды. Өйткені, адам тағдырының қалай болатынын, оны ертең не күтіп тұрғанын білмейді ғой.
Өмірде барлық жағдайдан сақтандырылған болу мүмкін емес. Сондықтан, жылы жүректердің мұндай әрекеттері бізге сенімділік береді және адамға, әлеуметтік мәртебесі мен жағдайына қарамастан, тіпті ұсақ нәрселерде де жалғыз қалмауға сенімділік береді.
Надежда КУПЧИНА
Фото түсірген Әнуар Әбілғазиев