Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.
Онда, құқық бұзушы А. 2020 жылы 6 мамырда 19 сағат 00 минут шамасында, Махамбет ауылында орналасқан өз үйінде жанұя тыныштығын бұзып, үй ішінде әжесі З-ға былапыт сөздер айтқан.
Сот отырысында А. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын айтып көрсеткен.
Сотқа жәбірленуші З-дан немересі А-мен өзара татуласқанын, оған кешірім беретінін, әкімшілік істі тоқтатуды сұрағаны туралы өтініш түскен.
Сот қаулысымен А-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленуші З-ның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі