Атырауда облыстық және қалалық әкімдіктердің, сондай-ақ, квазисектордың қызметкерлері қатысқан сенбілікте Жайық өзенінің оң жағалауынан 28 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, бұған дейінгі бір аптаның ішінде шаһар аумағынан 500 тоннадан астам құрылыс қалдығы шығарылды.
Ал, бір күннің ішінде Жайық өзенінің оң жағалауындағы Аманшин, Ысмағұлов көшелері мен Ақсай елді мекені 45 тонна қоқыстан тазартылды.
Сурет:дереккөз