Атырау полицейлері Жайық өзеніне суға түсіп жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтады.
"Жаздың ыстығы әрі суға шомылу маусымы басталған жоқ. Соған қарамастан жексенбі күні түс кезінде Жайық өзенінің қаладағы Каспий ықшам ауданы мен Тұрғындар қалашығы- Авангард жаяу көпірі тұсында серуендеп, суға шомылып жүрген атыраулық онға жуық жасөспірімдерді тәртіп сақшылары дер кезінде байқап, анықтаған.
Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргендерінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 - "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бабымен хаттамалар рәсімделді» деп хабарлайды Атырау Департамент полициясы өзінің фейсбук парақшасында.