Жайық және Қиғаш өзендері суының таяздануы балық қорын толтыруға кері әсерін тигізеді

17 маусым, Нұр-Сұлтан. Бұл туралы Парламенттік тыңдау барысында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов мәлімдеді.

Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Серік Шапкенов Жайық және Қиғаш өзендерінің жыл сайынғы таяздануынан, сондай-ақ олардың арналарын суландырудан бұрын оларды тазарту мәселесі маңызды екенін айтты.

- Бұл мәселенің кешігуі Каспий теңізінің балық қорын молайтуды тоқтата тұруға алып келуі мүмкін. Өзен сағаларының каналдары - балық өсіру үшін табиғи уылдырық шашатын жерлерге өтетін жер болып табылады. Сонымен қатар, судың таяздығы барлық кәсіпшілік және көлік кемелеріне теңізге шығуға мүмкіндік бермейтінін ескеру қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика