"Жайлы мектеп": Жаңа дәуірдің жаңа мектебі

Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру инфрақұрылымындағы түйткілдер жиі көтеріліп келеді. Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің көбеюі, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылық, заманауи оқу құралдарының жетіспеуі... Мұның барлығы ел болашағы саналатын балалардың сапалы білім алуына кедергі келтіретін факторлар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы мәселелерді шешу мақсатында елімізде 2023 жылдан бастап "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске қосылғаны белгілі. Бұл – тек мектеп салу емес, балаларға қолайлы, қауіпсіз және инклюзивті білім кеңістігін құру жолындағы ауқымды бастама. Осы орайда "Жайлы мектеп" деген не?" деген сұраққа жауап іздеп көрген едік.

"Жайлы мектеп" деген не?

Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 208 заманауи мектеп салу көзделіп отыр. Сонымен қатар 652 мыңға жуық оқушы орнын ашылады деп күтілуде. Жоба арқылы ел бойынша апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жойылады.

"Жайлы мектеп" нені міндет қылып алды?

"Жайлы мектеп" жобасының басты мақсаты – еліміздегі мектеп тапшылығын жою, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу, сонымен қатар, барлық балаларға бірдей сапалы білім алу жағдайын жасау.

2025 жылға дейін 842 мың оқушыға арналған жаңа мектептер салу;

Үш ауысымды және апатты мектептерді жою;

Қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру;

Мектептерді бір стандартпен салу (архитектуралық және оқу жабдықтары бойынша);

Бір ауысымда оқу жүйесін қамтамасыз ету. Жоба неліктен қажет болды?

 

2022 жылғы ресми деректерге сүйенсек, елімізде 160-тан астам үш ауысымды мектеп жұмыс істеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT