Жайдақ пешке жоламаған жөн!

Жылыту маусымы басталысымен осынау қарапайым пеш ең қауіпті объектіге айналады.

Өрт фактісін талдай келе, аталмыш төтенше жағдайлардың көпшілігі тұрғын үй иелерінің өз кінәларынан туындайтыны анықталып отыр.

Пешті шамадан тыс қыздырып, түтін жолдарын тазаламауы, пештің ауыз есігі жарамсыз болуы салдарынан болған өрттерді кездейсоқтық деп айтуға болмас. Өрт шыққан кезде оны бірінші көрген адам ол туралы 101 телефоны арқылы шұғыл хабарлауы қажет. Мекен-жай мен өрт орнын хабарлаған адамның тегін нақты айқындап, көршілерге ескерту керек. Бұдан соң қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кіріскені жөн. Алайда, бірінші кезекте адамдарды қауіпсіз жерге көшіру қажет. Ал өрт сөндірушілер келіп жеткен соң, олардың төтенше жағдайды жоюға бағыттаған барлық қажетті шараларды жүргізуіне кедергі жасамаған абзал. Әйтсе де олардың жұмысын өрт орнына жететін жолдарда бөгеттердің болмауы мен үй нөмірлерінің анық көрініп тұрғаны жеңілдетпек.

Келесі әңгіме өзегі барлық материалдар (көбінесе синте­тикалық – пластиктер, лактар, кейбір матаның түрлері) өртенген кезде бөлінетін улы СО газы жайлы. Аталған құрылым түсі мен иісі жоқ сипаттағы ауадағы құрамына қарай адамдарды түрлі дәрежеде уландыратын зат. Фактілер өртте адамның қаза болу оқиғасы себебінің 50 пайызы улы газдың салдарынан болатынын дәлелдеп отыр. Бұған қоса бұл газдың қаупі үй иелерінің пеш толық жанып біткеніне қарамастан, пеш мойнындағы сұқпаны уақытынан бұрын жауып, немесе мұржаның бітеліп қалуынан болады. Міне, осындай жағдайда адамдар ұйқыдан қайта оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан үй пештерін пайдаланатын тұрғындар пешті пайдалану ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Сонымен бірге газбен уланудың алғашқы белгілерін де білген артық болмас. Ол мыналар: бас ауырлап, қысыла бастайды, самай тұсы қатты ауырып, бас айналады, құлақ шуылдап, бет қызарып, қыши бастайды, әлсіреу, қорқу, шөлдеу қаупі артып, жүрек, самай артериясы қағысы жиілей түседі, ауа жетіспеушілігі, лоқсу, құсу пайда болады. Одан әрі ес сақтауда бұлынғырлық, әлсіздік пен бейтараптық халге жетіп, адам қауіпті аумақтан шыға алмай қалуы мүмкін. Бұдан соң ұйқыға тартып, мең-зең, естен айрылып, масаңсыса, дене температурасы 38-40 градусқа жетуі мүмкін. Орта деңгейде улану естен айрылу болады.

Бірінші кезекте зардап шеккен адамды жатқан қалпында таза ауаға алып шығу қажет. Егер оны бірден жасау мүмкін болмаған жағдайда улы газдың ағзаға енуін тоқтату керек (газқағар немесе портативтік медициналық ауа распираторы кигізіледі). Дем алуға кедергі болатын киімдерін шешіп, жайлы жерге орналастырып, жылытқан жөн. Организмнің жаурауы өте қауіпті. Оттегімен жиі әрі ұзақ тыныс алғаны абзал. Ең маңыздысы зардап шеккен қандай жағдайда болмасын міндетті түрде білікті медициналық көмек көрсетілгені дұрыс.

От жағу маусымы басталмас бұрын от жағу жабдықтарының жағдайын мұқият тексеріп, қажет болған жағдайда мұржаларын жөндеп, оларды күйеден тазалап, сырлап сылау керек. Ақаулықтары бар бұзылған пештерді пайдалануға жол берілмейді. Пешті жанармаймен, керосинмен, дизель отынымен және басқа да тез тұтанғыш сұйықтарымен тұтатуға болмайды. Ұзақ уақыт бойы пештің жағылуын және қызып кетуіне абай болыңыз. От жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспау керек. Отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдарды пештің үстінде және пештің қасында кептіруге тыйым салынады. Жиһаз бен басқа да жанғыш заттарды пешке жақын қоюға болмайды. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және айналаңыздағыларды оттың тілсіз әрекеттерінен қорғайтыныңыз есіңізде болсын.

Б. АЙМАҒАНБЕТОВ,

Махамбет аудандық ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521