Жаһанданудың бір жолы – сындарлы диалог

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен Жолдау жариялады.

Онда көпшіліктің жүрген келелі мәселелер көтерілген. Бір-бірінен бөліп алары жоқ, бәрі бірдей маңызды. Әсіресе, ұстаз ретінде мені мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары қатты ұнады. Бұл мәселеге басты назар аудару керектігі жөніндегі пікірі қуантты.

Мектеп ұжымы болып, Жолдауды жан-жақты талқылап, таныстық. Президенттің тағы бір атап өткен мәселесінің бірі-барлық жұмыс жасайтын адамдардың зейнетақы қорына жиналған ақшасын қолына алуға болатындығы. Мемлекет басшысы аналар мен балалардың құқығын қорғау мәселесі де аса маңызды екенін атап көрсетті. Олардың денсаулығына жіті көңіл аударып, жағдайларының жақсаруын қадағалауды тапсырды. Бұл еліміз үшін өте керек нәрсе деп білемін. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халық игілігі үшін маңызды қадам.

Әр адам Жолдауды оқып, терең түсінуі керек. Барлығы бірдей мемлекетке жүк арта бермей, ел үшін жауапкершілікті сезінуі қажет. Тек адал еңбек қана біздің көсегемізді көгертетіні жолдауда нақты айтылды. Олай болса, қазірден бастап іске кірісе берген дұрыс.

О.Өтебаев, А.Байтұрсынұлы атындағы

орта мектептің директоры,

аудандық мәслихат депутаты

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT