Оны жасап жатқан – біз сияқты жастар. Бірақ олар білімді, ғылыми негіздемеге сүйене отырып істейді. Сондықтан жастар ізденіп, білімдерін жетілдіріп, ғылымға көбірек ден қою арқылы жаңа технологияның көшіне ілесе алады. Себебі кемел білім мен ғылымсыз кез келген жетістікке жету қиын. Ақпараттық технологиялар дәуірінде бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз даму қажет. Жаңа идеялар ұсынып, ғылыми жаңалықтар ашу біздің басты мақсатымыз болуға тиіс. Өйткені дамыған елдер инновация арқылы алға жылжып келеді. Еліміз де осы бағытта қарқынды қадам басуы керек. Сол үшін жастар жаңа білім алуға ұмтылып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытқаны жөн. Тек осылай ғана біз әлемдік технологиялық өрістен қалыс қалмаймыз.
Баутан Есенкелді,
«Оңтүстік» телеарнасының тілшісі